Қоғам

Ең үздік эскизге байқау жарияланады

Ең үздік эскизге байқау жарияланады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Чернобыль мүгедектері және ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жетекшілерін қабылдады.
Жеке қабылдау барысында аталған бірлестіктің төрағасы Қанат Сыздықов пен оның орынбасары Ольга Калинина Чернобыль АЭС-інде орын алған апатты жоюға қатысқандарға, соның ішінде техногенді апатқа арнап ескерткіш орнату жөніндегі мәселені тілге тиек етті. Айта кетейік, олар бұл мәселені ағымдағы жылдың 26 ақпанында өткен облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде көтерген-ді.
Қоғамдық бірлестік жетекшілерін тыңдаған аймақ басшысы Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжановқа ескерткіштің ең үздік эскизіне байқау жариялауды тапсырды. Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Сембиновке бұл оқиғаның 30 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысуды жүктеді.
Облыс әкімі кездесу барысында көтерілген өзге де мәселелердің еліміздің заңдары аясында шешім табатынын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button