Қоғам

Ең үздік балабақша атанды

Ең үздік балабақша атанды

Семей қаласындағы №15 балабақша директоры Нұрсұлу Шақшабаева Елбасының жыл сайынғы Жолдауындағы талаптарды орындап, жемісті еңбек етіп келеді. Бұл ұжым жақында «Семей қаласының ең үздік балабақшасы» атағын жеңіп алған болатын.
Нұрсұлу Шақшабаеваның қарамағында 32 адам еңбек етеді, оның 18-і – педагог.
– Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің дамуы, гүлденуі үшін көп күш жұмсады,-дейді Нұрсұлу Муслинақызы, – тјуелсіз мемлекеттің жас балғындарының өсіп-өркендеуінен бастап, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Мен сонау 1983 жылы ЖенПИ-дің мектепке дейінгі бөлімін бітіріп келген кезде, бүкіл қала бойынша тек бір ғана қазақ тілді балабақша болатын. Ал бүгін олардың қатары јлдеқайда көп.
Балабақшада «Қазақ тілі», «Тарих күні» мерекелері де ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы қазақ балалары жеті атасын жаттап өседі.
– Өзім қазақ-қалмақ соғысында батырлары көп шыққан Арғын ішінде Шөптеміс ұрпағымын, бірақ јлі де болса жаудан жерді тазартқан қаћармандарымыздың өмірлері, еңбектері толық жазылып біткен жоқ, бұл болашақтың еншісіндегі іс деп ойлаймын. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап, елімізді осындай деңгейге көтергені үшін Елбасына разымын, – дейді ол.
Нұрсұлу апайдың ұжымы да өте ұйымшыл, педагогтардың барлығы үш тілде сөйлейді жјне балабақшаның кішкентай тјрбиеленушілерінің јрқайсысы өз ана тілдерін еркін меңгерген.
Жақында Нұрсұлу Муслинақызы басқаратын Семейдегі №15 балабақшада Жапонияның Қазақ¬стан¬дағы Төтенше жјне өкілетті ел¬шісі Камохара Масаёсимен кездесу өтті. Кез¬десуде Жапонияның полигон¬нан зар¬дап шеккен елге көмегі ре¬тінде №15 ба¬ла¬бақшаға орнату үшін плас¬тикалық те¬резелер табысталды. Елшіге бала¬бақ¬ша директоры Нұрсұлу Шақшабаева Күншығыс елінің қол¬дан¬¬балы көркемөнер көрмесі мен балалар өнерінің түрлі еңбектерін көрсетті. Ұжым жұмы¬сына елші жоғары баға берді.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button