Экономика
Ең төменгі күнкөріс деңгейі өсе түсті
Өткен наурыз айында елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 153 теңгені құрады. Мұндай мәліметті Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратты.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, биылғы наурызда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің орташа шамасы өткен аймен салыстырғанда 0,3 пайызға, ал 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен.
Шығыс-Ақпарат