Қоғам

Дәуір тынысын, өңір өрісін жеткізіп жүр

Құттықтау

Дәуір тынысын, өңір өрісін жеткізіп жүр

Құрметті «Дидар» газетінің ұжымы!
Қадірлі әріптестер!

Биыл Шығыс өңірінің шежірешісіне айналған «Дидар» газетіне 85 жыл толып отыр. «Дидар» газеті – бастауын өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан алатын еліміздегі санаулы дәстүрлі басылымдардың бірі. Алғаш рет «Жұмысшы» атауымен шыққан газет «Социалистік Алтай», «Алтай большевигі», «Коммунизм туы» атымен дәуір тынысын, өңір өрісін оқырманына жеткізді. Егемендігіміздің елең-алаң жылдарында қазіргі «Дидар» атауына ие болды. Бүгінгі белесіне дейін Кенді Алтайдың қайнаған қорытпасындай қызу тіршілігін үздіксіз тасқа басып қалдырып келеді. Бұл – ең алдымен журналистер буынының жемісті еңбегі.
Газетте елімізге белгілі талай қаламгерлер еңбек етті. Басылымда қалам тербеген аға буын өкілдері арасынан Есет Әукебаев, Кеңесхан Зәкенов, Тоқтарбек Қызықбаев, Мұқан Әбуғалиев, Кеңес Юсупов, Оңдасын Елубай секілді қаламгерлер кейінгі қызметтерін «Егеменде» жалғастырып, жемісті еңбек етті. Бұл дәстүр әлі де жалғасып келеді.
Сіздерді және барша оқырмандарыңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған «Дидар» гезетінің 85 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Шығармашылық-тарыңызға шабыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Құрметпен,
Дархан Қыдырәлі,
«Егемен Қазақстан» республикалық
газеті» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы

Осы айдарда

Back to top button