Қоғам

Дубайдан бас жүлдемен оралды

Дубайдан бас жүлдемен оралды

Жуықта Өскемен қаласының бір топ оқушылары Дубайда өткен «Аrt HOLIDAYS» атты халықаралық суретшілер фестивалінен жүлдемен оралды.
Сонау Араб елінде ұйымдастырылған көрмеге он бес оқушыны бастап барған мұғалімдері Құдаш Нұрсадықов та кәсіпқой суретшілер арасындағы көрмеге қатысып, бірінші орынға қол жеткізді. Бірнеше мемлекеттен келген кіл мықты суретшілер-дің арасынан топ жарып, бірінші болу әркімге бұйыра бермесі анық.
Ал көрмеге қатысқан он бес оқушының барлығы да жүлделі орыннан көрінді. Олардың ішінде он екі оқушы «Нұр Орда» халықаралық мектебінің намысын қорғаса, үш оқушы – Құдаш Нұрсадықовтың ұйымдастыруымен құрылған «Сурет» изостудиясының шәкірттері.
Қазақ жерінің байтақтығын, бай-лығын дәстүрін бейнелеу өнерімен көрсете білген суретші Құдаш Нұрсадықов:
– Көрмеге үш ай бұрын да-йындалдық. Әр оқушы екі суреттен апарды. Өзім де екі картина салдым. Суреттерімізді арқалап, Дубайға бара қалғанда араб халқы бізді құшақ жая қарсы алды. Өнер мұражайын араладық. Қабырғаларға әлемдік деңгей-дегі шедевр картиналар ілінген екен.
Ал көрмеге қатысқанымызбен, орын алу деген ойыма да кіріп-шықпапты. Суреттерімізге Жапония мен жергі-
лікті суретшілер баға берді. Еңбек-теріміз көпшіліктің көңілінен шығып, жүлделі орындарды қанжығалап қайтқанымыз – біз үшін, облысымыз үшін үлкен абырой. Халықаралық фестивальда қазақ халқының бейнелеу өнері өзгелерден оқ бойы озық тұрғанын дәлелдедік, – дейді өз әсерімен бөлісіп.
Көрмеден кейін жапон суретшісі кәсіби шеберлік сыныбын өткізіп, өз көрген-білгенін тәжірибе жүзінде көрсетіпті. Дубайлықтар келген қо-нақтарға ілтипат білдіріп, қаланың көркем жерлерін аралатқан көрінеді. Ал марапаттау рәсімі теңіз жағасында, үлкен кемеде ұйымдастырылыпты.
Республика бойынша Өскеменнен ғана барып, жүлдемен оралған оқушылар шетелден кереметтей әсерде қайтқандарын айтып отыр. 3 сынып оқушысы Дана Пазылова:
– Дубай керемет жер екен. Құдаш ағаның үйретуімен көрмеге екі ай тыңғылықты дайындалдым.
Көрмеге қатысып, жүлделі орын ал-ғаныма қуаныштымын, – дейді.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button