Жаңалықтар

Дрон – жаңа дәуір жетістігі

Дрон – жаңа дәуір жетістігі


«Дрон» деп аталатын ұшатын аппараттардүние жүзіне көз ілеспес жылдамдықпен таралып және технологиялық жағынан күннен-күнге күрделеніп келеді. Бастапқыда дрондар коммерциялық емес, тек әскери мақсатпен жасалған екен. Олар әскери операцияларда қолданылған,яғни аппараттар жау тылын барлаумен айналысқан, әскер қоршауға түсіп қалғанда, оқ-дәрі жеткізіп тұрған.

Осы дрондарды алғаш болып жапондар көше тәртібін қадағалау, автокөлік тұрағына қарауыл жасау үшін қолдана бастапты. Шағын тікұшақтар тәртіп бұзушыларды суретке түсіріп,тіркепотырған. 2013 жылдан бері «DHL» пошта компаниясы осы аппараттарды хат-хабар, сәлемдеме жеткізу мақсатында қолданады. Көп ұзамай-ақ шетелдік фермерлер аппараттарды алқаптардың үстінен пестицидтер мен тыңайтқыштар себу үшін қолдануға кірісті. Бір қызығы, солтүстіктегі көршіміз – Ресей де осы салада артта қалмай, дрондарды тұңғыш рет клиенттерге пицца апаруға жаратыпты.Аппараттар дайын асты үйдің кіреберісіне дейін жеткізіп береді екен.Ал голландиялықтар дрондардынауқастарға дәрі тасу мақсатында пайдалануға болатынын бірінші болып түсініп, іске асырыпты.

Сонымен, ұшатын аппараттар тек жоғарыдан фото-бейне түсірілім жасау үшін ғана емес, адамдарға түрлі салада көмек көрсету үшін де пайдаланылып жатыр. Технологиялар дамып келеді, нәтижесінде дрондардың жаңа үлгілері жасалуда. Олар біздің өңірде де түрлі салада қолданылып жүр.

Орманшылар мен геологтардың сенімді көмекшісі

Өскемендегі «Темірланком» серіктестігі дрондарды табиғатты қорғау және орман шаруашылығында, геология саласында пайдалануды ұсынады. Компанияның техникалық директоры Ермек Иманғазиновтың айтуынша, ұшу аппараттарының көмегімен түрлі зиянкестермен зақымданған немесе ауруларға шалдыққан ағаштарды анықтауға болады. Дрондар енді тұтанған өртті дер кезінде байқауға, сонымен қатар жабайы жануарлардың миграциясын да кез келген мерзімде және кез келген ауа райында қадағалауға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Ермек – Шығыста осы ұшу аппараттарын алғашқылардың бірі болып қолданған мамандардың бірі. Ол осы дрондар туралы біраз мәліметтер берді.
– Бұл пилотсыз ұшу аппараттары қашықтан басқарылады. Салмақтары, ұшу ұзақтығы мен биіктігі модельдеріне қарай саналуан. Айталық, ең ауыр дегенде 1 тонна жүкті көтере алатын, арысы 20 шақырымға дейін ұшып, әуеде бір тәуліктей бола алатын аппараттар бар әлемде. Олардың қолдану саласы ауқымды. Кез келген аппаратты бекітіп, түрлі мақсаттарға қолдануға болады. Ол қарапайым бейнекамерадан бастап, күрделі сканерлеуші қондырғыға дейін болуы мүмкін, – деп түсіндіреді ол.

Браконьерлерді әшкерелеуге арналғантаптырмас құрал

Шығыс Қазақстанда тәжірибеге бірінші рет енгізілген дрондар арқылы заңсыз балық аулап жүрген браконьерлердің әрекеті әшкереленген болатын.
Облыстың табиғат қорғаушылары заңсыздықтардың алдын алу үшін заманның озық технологияларын қолданысқа енгізген. Екі жылдан бері олар патрульді дрондар арқылы да жүргізуде.

«Квадрокоптерлер 2017 жылдың күзінен бастап қолданысқа енгізілген болатын. Заманауи техниканың арқасында көп ұзамай-ақ Тораңғы шығанағы мен Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулауға қатысты үш жағдайды тіркедік. Заң бұзушылардан екі қайық, ау мен балық тәркіленді. Келтірілген шығын есептеліп, оларға айыппұл салынды», дейді бізге берген жауабындатабиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Бұрын қамыстың арасында жасырылған қайықтарды табу мемлекеттік инспекторларға қиынға соғатын еді. Ал озық камералы дрондар бұл заңсыз әрекеттерді әшкерелеуде таптырмас құралға айналған.

Тасқын қаупі бар өзендердібақылайтын болады

Шығыста көктем сайын арнасынан асып, үйлер мен жолдарға жайылатын бірнеше өзен бар. Үлбі, Үбі, Бұқтырма, Күршім, Қалжыр, Аягөз, Базар, Ұлан, Аблакет, Қызылсу, Шаған өзендері мен Ертістің бірнеше алабы тасқынға бейім су арналары ретінде тіркелген. Ғалымдар осы өзендердің жағдайын дрон арқылы қадағалауды ұсынып отыр. Олар дрон әкелген мәліметтер арқылы мониторинг жүргізіп, қай өзенде су қоры қанша екенін, оның қай кезеңде арнасынан асатынын нақты болжамақ.

– Қолымызда ұшқышсыз аппараттар бар. Ол түсірілімдер жердің тоңы мен қар қалыңдығын 90-30 метрге дейін нақты айқындай алады. Жоба 2019-2021 жылдарға арналған. Осы уақыт ішінде біз облыстың жер бедерінің үлкен масштабтағы цифрлық картасын жасап шығаруымыз керек. Су қоймаларының жағдайын да ғалымдар бақылауға алмақ, – дейді жоба жетекшісі Олег Гавриленко.

Аталмыш жоба Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында жүзеге асады. Әзірге оған облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті, «Қазгидромет» мекемесі мен Өскемендегі су электр стансасының басшылығы қызығушылық танытып отыр.

Келешекте дрондар Өскеменнің өзінде құрастырылмақ

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Роботталған пилотсыз жүйелер» оқу бағдарламасын жүзеге асырмақ. Аталмыш университет заманауи индустрия талаптарынасайжетіоқытубағдарламасынқолғаалыпотыр. «Роботталғанпилотсызжүйелер» бағдарламасы – соныңбірі.
Бағдарламаны үйлестіруші Тамара Сегеда осы жоба аясында Венгрияның Обуда университетімен, Ресейдің Новосібір мемлекеттік техникалық университетімен байланыс орнатқандарын айтады.

– Бағдарлама студенттерге пилотсыз техниканы өндіру және пайдалану, әзірлеу бойынша білім беруге бағытталған, – дейді ол.

Аталмыш бағдарлама бойынша білім алған түлектер өңірдегі геологиялық компанияларға жұмысқа орналасады деп күтілуде. Бүгінде геологиялық барлау, топографиялау, аумақтың сандық моделін алу, мұнай-газ кеніштері мен құрылыс алаңдарына мониторинг жүргізу, техногенді және табиғи апат қатерлерін бақылау жұмыстарына дрондар кеңінен қолданылуда.

Бағдарлама шәкірттері осы дрондарды әр салаға қарай бағдарламалау ісімен шұғылданатын болады. Бұл салаға маманданатын магистрлер «Казцинк» ЖШС мен Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырысы бойынша оқытылмақ.

Қойларын бағып жүр

Жамбыл облысының тұрғыны Ерасыл ұшатын дрон арқылы қойларын бағып, бақылайды екен. Заманауи технологиялар отарды әуеден басқаруға мүмкіндік береді. Дрон отардың үстінен ұшып өтіп, бөлініп кеткен қойларды жинап береді екен. Ерасыл бұл әдістің тек бір проблемасы бар екенін айтады – өзімен бірге кем дегенде бес қуаттағышты көтеріп жүруі керек. Малшы дрон арқылы қойын бағып қана қоймай, әсерлі суреттер де түсіреді.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button