Қоғам

«Достықтың» жүлдесі сараланды

«Достықтың»  жүлдесі сараланды

М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында баскетболдан ұлдар және қыздар арасында өңір өмірінің айнасы – аудандық «Достық» газетінің дәстүрлі ашық біріншілігі өтті.
Турнирді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева ашты. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серікбол Сиырбаев, осы бөлімнің сектор меңгерушісі Зайнулда Рахымбаев құттықтау сөз сөйлеп, соңғы уақытта аудандағы, облыстағы, республикадағы спорт жетістіктерін алға тартып, жастардың салауатты өмір салтын ұстанудың бірден-бір жолы спорт екенін атап айтты.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында бірінші орынды Х.Мұстафина орта мектебі, екінші орынды Қазақстан орта мектебі, үшінші орынды Ю.Гагарин орта мектебінің командасы еншіледі. Ал ұлдар арасындағы тартысты өткен бәсекеде Х.Мұстафина, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаттарының, Аманкелді орта мектебінің командалары алғашқы үш орынды бөлісті. Командалар жанкүйерлердің ыстық ықыласына, қошеметіне бөленді. Осы сайысқа мақсатты дайындық жүргізіп, команданың құрамын анықтап, өз үлестерін қосқан жаттықтырушылар Б.Жанғұлов, Г.Үсенов, М.Баянов, Е.Ризабек, Қ.Тұқпиев, Д.Қатарбаев, О.Иманбаев, «Достықтың» ардагер ойыншысы С.Серікбаева, М.Егінбаев, Д.Саспаев, Д.Әбетхановқа редакция ұжымы алғыстарын білдірді. Жарыс тартысты да қызықты өтті. Жеңімпаз командалар «Достық» газетінің арнайы кубогымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Оңдасын Елубай
Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button