Қоғам

Достықтың жаршысы

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 13 Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы, 115 этномәдени бірлестік, 284 Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, сондай-ақ журналистер, меценаттар, медиаторлар клубтары енеді

Екі жыл ішінде «Шығыс Қазақстанның мәдени мұрасы» жобасы жүзеге асты. Патриоттық тәрбие беруде пайдалану үшін фольклорлық материалдар баспаға әзірленді, шығармашыл ұжымдардың ұлттық киімдері жаңартылды, Қазақстан халқының фестивальдары өткізілді.

Қоғамдық келісім кеңестері тарапынан 28 мың адам қамтылған 495 іс-шара өткізілді, жергілікті қауымдастықтардан түскен 92 мәселе (12 облыстық, 20 қалалық, 60 аудандық және ауылдық деңгейдегі) оң шешімін тапты.

Аналар кеңестері дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, ерте некелесу мен жүктіліктің алдын алу, отбасы және балалықты қорғау мәселелері бойынша 12 мың адам қамтылған 464 насихат іс-шарасын өткізді.

Облыстық Ассамблея  медиация институтын алға бастыру бойынша біршама жұмыс тәжірибесін жинақтады. Облыстық сот, әділет департаменті, ішкі істер, білім беру, денсаулық сақтау басқармалары, облыстық кәсіподақтар кеңесі, медиаторлардың облыстық палатасының филиалы, «Шаңырақ», «Альтернатива» медиация орталықтарымен бірге медиация институтын дамыту жөніндегі мемерандумдар іске асуда.

Ассамблеяның 17 медиация кабинеті, 116 қоғамдық медиаторы жұмыс істейді. Медиация институтын дамыту бойынша 62 семинар-тренинг, кездесу, «дөңгелек үстел» форматындағы іс-шара өткізілді.

Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар, апта сайын мониторинг жүргізіледі. Этностардың қалалар мен аудандардағы статистикасы ескеріле отырып,  этносаралық қатынастар саласындағы тәуекелдер картасы әзірленді. Олар жанжалды жағдайлардың тарихын, этносаралық қақтығысқа әкелуі мүмкін әлеуеттер туралы деректерді қамтиды.

Волонтер жылы аясында 206 іс-шара өтті, оларға 8 мыңнан астам адам қатысты. Ассамблея жастары #Birge#TazaQazaqstan акциясына, ҚХА-ның «Ұлы Дала Елі» экологиялық-туристік экспедициясына, «PRодвигай себя» форумына, «Рухани қазына» квестіне, #Мен елімнің ертеңі, #Мен Абайды оқимын, #Мы носим маску, #Домаспользой  челендждеріне  қатысты.

324 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 9061 адамға 192 миллион теңгеге жуық сомада көмек көрсетілді. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен Түркістан облысындағы Мақтыарал ауданының тұрғындарына 1 миллион теңгеден астам қаржы жіберілді.

«Возрождение» мектебінің базасында тоғыз этностың тілі оқытылады, Достық үйлері жанында 11 жексенбілік тіл мектебі жұмыс істейді. Корей және орыс этномәдени бірлестіктері қауымдастықтарының бастамасы бойынша облыстық Достық үйінде  «Ситуативный казахский – «Мәміле» кабинеті ашылды.

Ғылыми-сараптамалық топ тарапынан дәстүрлі халықаралық этнодемографиялық конференция, облыстың жоғары оқу орындары студенттері үшін «Толеранттылық мектебі» сессиялары, мектептерде онлайн режімде дәрістер өткізіледі.

Ай сайын «Ассамблея жаршысы» газеті шығарылады, Ассамблеяның сайты және әлеуметтік желілердегі парақтары үнемі жаңартылып отырады.

Шығыс Қазақстан облысы  Қазақстан  халқы Ассамблеясының жүйелі жұмысы нәтижесінде өңірде тұрақты ұлтаралық жағдай қалыптасқан. Үшінші тоқсанда өткізілген қоғамдық пікірді зерделеу қорытындысы бойынша, респонденттердің 96 пайызы еліміздегі этносаралық келісімді сақтауға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдайтынын білдірсе, 80 пайызы халықтың әлеуметтік көңіл күй деңгейін жоғары деп бағалайды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Әзірлеген – Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button