Қоғам

Доп додасы дәстүрлі болмақ

Раушан Нұғманбекова

Семейде облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ «Altay sports club» клубының қолдауымен шағын футболдан турнир өтті.

Ондағы мақсат салауатты өмір салтын насихаттап, жасөспірімдердің спорттық шеберліктерін арттыру болды.

– Бүгін шағын футболдан 2005-2006 және 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында ерекше жарыс өтіп жатыр. Додада барлығы 17 команда бақ сынауда. Оның үшеуі «Altay sports club» клубының атынан қатысады. Жалпы, біздің клуб «Арена» мәдени-спорт кешенінде орналасқан. Әлі де балаларды қабылдап жатырмыз. Секция тегін. 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Футболдан бөлек, бізде суда жүзу, баскетбол, үстел теннисі сияқты спорт түрлері бар. Бұл жолы санитарлық талаптарға байланысты азырақ команда шақырдық. Негізі, бұл турнирді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді «Altay sports club» клубының директоры Жан Қамбаров.

Осы айдарда

Back to top button