Экономика

«Дінсіләмге» дән риза

Абай ауданының орталығы Қарауылда «Дінсіләм» атты жанар-жағармай стансасы ашылды. Оның құрамында көлік жуатын және дөңгелек жөндейтін цех та бар.

«Дінсіләмге» дән ризаБұл – аудан орталығындағы алтыншы станса. Бұған дейін соның бірде-біреуінде көлік жуатын бөлім болған емес. Ауылдың кіреберісіндегі жаңа стансаның жарықтандырылып, безендірілуі де бүгінгі күн талабына сай. Келер жылы мұнда автомобиль құрал-жабдықтарын сататын дүкен де ашылмақшы.

Стансаның иесі Нысанбек Дінсіләмұлы «Ақнұр» атты алғашқы жанар-жағармай стансасын сонау қиын кезеңде, тоқсаныншы жылдардың аяғында ашып алыпты. Нысанбектің түрлі шараларға демеушілік жасаудан да қалыс қалмай келе жатқанын де естіп, біліп отырмыз. Айталық, ұлылар елінің атын шетелге дейін танытқан «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің құрылғанына қырық жыл толуына орай әріптестеріне сол атақты өнер ұжымына қырық мың теңгеден көмек жасау жөнінде бастама көтеріпті.

Дәулет Сейсенұлы

Абай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button