Экономика

Дизель отыны қымбаттайды

Наурыз айында республикада дизель отынының құны 102 теңгеге дейін қымбаттамақ. Ал жанармай бағасы еш өзгеріссіз қалады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарипа осылай деді.

Дизель отыны қымбаттайды– Нарық конъюнктурасындағы қалыптасқан жағдайдың нәтижесінде бензиннің бағасын жоғарылатпай ұстап қала алдық. Алайда наурыз айының 1-інен бастап жазғы және маусымаралық дизель отынының құны кезең-кезеңімен 102 теңгеге дейін көтерілетіні күтілуде, – деп түсіндірген Анатолий Шкарипа бүгінгі таңда отандық дизельдің арзан бағамен шетелге шығарылып жатқанына Мұнай және газ министрлігі алаңдаушылық білдіргендігін де жеткізді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button