Қоғам

Димаштың аты Марсқа жетті

Дүниежүзінің дүйім жұртына танылып, атағы айға жеткен  Димаш Құдайбергеннің аты Марасқа да жетті. Ақпанның 18 жұлдызында Марсқа барып қонған Perseverance атты жаңа ровер керекті құрал-жабдықтарымен қатар, миллиондаған адамдардың атын алып ұшқан болатын. Арасында Димаштың да есімі бар екендігін dimashnews.com сайты жазды.

Осыдан жеті ай бұрын жер бетінен көтерілген Perseverance ровері ғалымдарды қызықтырған қызыл планеттаға сәтті қонды.

Fox News-тің жазуынша, Perseverance – технологиялық жағынан ең дамыған робот және оны Марсқа NASA жіберіп отыр. 2,7 миллиард доллар тұратын робот бір марстық күн ішінде орташа есеппен 200 метрді бағындырып отырады екен.

Ұшырылған робот 2 метр манипулятор қолымен және бұрғылайтын құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, жоғары технологиялы түсірілім камерасы, рентген жүйесі, химиялық құрамды өлшеуге арналған камера және шаң тозаңды бақылауға арналған сенсорлары бар.

Perseverance ұшар алдында «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына ұйымдастырылған. Аталмыш акцияға қатысқан әлемнің түрлі елдері Димаштың да атын ұсыныпты. Нәтижесінде NASA 11 миллионға жуық адамның атын тырнақ көлеміндегі 3 кремний чипіне жазып Марсқа жеткізді.

Алтай Ғали-Асқар

Осы айдарда

Back to top button