Қоғам

Диспансерлер басқа ғимаратқа көшіріледі

Диспансерлер басқа ғимаратқа көшіріледі Өскемен қаласында бір ғимаратта үш бірдей арнайы емдеу мекемесі орналасқан. Бұлар – жүйке аурулары диспансері, ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы және наркологиялық диспансер. Емдеу орындарындағы науқастардың қанағаттанғысыз жағдайлары мен дәрігерлердің оларға деген немқұрайлылықтары аймақ басшысының назарынан тыс қалмады. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ диспансерлерді жеке ғимараттарға көшіру туралы мәселелерді қарастыруды тапсырды.
Науқастар жүйке аурулары диспансерінде бір айдай емделеді. Олар ауланың жоқтығынан, төрт қабырғаға қамалып отыруға мәжбүр. Аймақ басшысы балалар бөлімінде ойыншықтардың жоқтығын, төсектерге матрастардың салынбағанын да байқап қалды. Сонымен қатар, ересек пациенттер тегін дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілмейтіні анықталды.
Дәрігерлердің екі ай бойы жақ ашпағандары облыс әкімінің наразылығын тудырды. Олардың өздерінің қызметтеріне деген немқұрайлылықтарына қайран қалған Даниал АХМЕТОВ жауапты басшыларға бұл жағдайды талдауды тапсырды. Ең бірінші кезекте мекемелерді жеке-жеке ғимаратқа орналастыру қажет.
-Жалпы бұл емдеу орындарын басқа жаққа көшіріп, дәрігерлерге дұрыс жатақхана жасау керек. Бұл тұрғын үй, солай болып қалуы керек, – деді Даниал АХМЕТОВ. – Бұл жерде науқастарды емдеу өте қолайсыз. Қазір бұрынғы жедел дәрігерлік жәрдем ауруханасының ғимараттарын жөндеуге 285 миллион теңге қаражат бөлінді. Егер дұрыстап қарасақ, сол жерге барлықтары сыю керек. Бас дәрігерлердің өздерінің жоғары дәрежелеріне сай болуы маңызды. Неге екі ай бойы басшылар препараттардың жетпейтіні туралы жақ ашпаған? Мені өздерінің қызметтік міндеттеріне деген бейтарап, инертті қатынас таңдандырады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы бір аптаның ішінде диспансерлердің басқа ғимараттарға көшуі туралы ұсыныстарын шығарады.

Облыстық ақпарат орталығы

Осы айдарда

Back to top button