Қоғам

\”Дидардаың\” жігіттері Астанада атой салды

"Дидардаың" жігіттері Астанада атой салды

Өңіріміздегі БАҚ өкілдері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы республикалық турнирге биыл алғаш рет қатысып қайтты. Елорда төрінде өткен дәстүрлі доданы сол жақта іссапармен жүрген біз де барып тамашалап, жігіттерге жанкүйер болдық.

«Сарыарқа» велотрегінің қасындағы шағын алаңда өткен аяқ допшылардың сайысына 19 команда қатысты. Шығыс Қазақстан құрамасы сапында ойнаған біздің жігіттер Астана төрінде атой салып, өрелі өнер көрсетті.

Жарыстың қызығына кірмей тұрып, жолдама жолына үңілейік. 1995 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан журналистердің сынына біздің өңірден доп тебетін жігіт шықпады деу, әрине, ұшқары ой. Дұрысы, «Арман барда, дәрмен жоқ» болған ғой. Арманды жігіттерге дәрменді биыл облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, нақтырақ айтсақ, басқарма басшысы Асқар Можанов сыйлапты. Сонымен Астана мен Алматыдан бөлек, жыл сайын қатысып келе жатқан Түркістан (бұрынғы ОҚО), Алматы, Қызылорда, Тараз, Петропавл облыстарынан келген командалар қатарын биыл біздің өңір толықтырды. Жер шалғайлығына қарамай, өздеріне сенім артқан Асқар Байжігітұлына алғыстарын жаудырды жігіттер.

Команда сапында облыстық «DIDAR» газетінің қызметкерлері, оның ішінде бас редактордың орынбасары Серік Әбілхан, журналистері Нұржан Кенжеұлы, Тасқын Болатұлы, Оразай Жеңісұлы, Көкпекті аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Дархан Бердібек, «ВК спорт» сайтының қызметкерлері Мирас Құмарғалиев, Әділхан Есімханов және байқаудың 40 жастан асқан бір ойыншысы болуы керек деген ережесіне орай тәуелсіз журналист Алик Емец бар жиыны сегіз адам болды.

Жарыс басталардан бір күн бұрын жеребе тартылып, командалар құрамы тексерілді. Соқыр жеребе бойынша Шығыс Қазақстан құрамасы «Түркістан», «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Еуразия» арнасы және «Қазмедиа» командаларымен бірге «А» тобына түсті. Айтпақшы, бұл турнирге биыл тұңғыш рет айтыс ақындары да қатысты.

– Негізі сіздерден бұрын қазақтың бұқаралық ақпаратына айтыскер ақындар қызмет көрсеткен. Халық ақпаратты ақындардың айтысы арқылы алып отырған. Сондықтан шығармашылық адам ретінде Сейдахмет ағамыздың турнирінде біз де өнер көрсеткелі келдік, – деген «Айтыскер» құрамасының капитаны Серікзат Дүйсенғазинге қарсы ешкім «айтыса» алмады.

Сонымен келесі күні таңсәріде басталған дүбірлі доданың шымылдықашар ойынын өткізу бақыты осы жарысқа алғаш рет қатысып отырған біздің командаға бұйырды. Алғашқы ойынды біздің жігіттер «Қазақстан» ұлттық арнасымен өткізді. Жыл сайын қатысып келе жатқан бұл командадан басқа топқа түскендеріне мәз болған өзге қатысушылар жаңа есімге күмәнді көзбен қарап тұрғандай. Оның үстіне жарыс солардың жерінде өтіп жатыр, жанкүйерлері де мол. Бір-бірін танитын әріптестер «алаштың аты озғанша, ауылдастың тай озсын» деп астаналық жігіттерге тақым қысып отыр. Біздің жігіттер ойынды ширақ бастады. Небары үшінші минутта, қарсыластың үш ойыншысын қапы қалдырған Дархан Бердібек турнирдің алғашқы голын салды. Шығыстан барған жігіттерден мұндай мінез күтпеген қарсыластар қатты састы. Ойын соңына қарай есепті теңестірген қарсыластар бірінші ойында бізбен ұпай бөлісті. Осыдан кейін-ақ мықтылардың бірімен ұпай бөліскен біздің жігіттерге деген көпшіліктің көзқарасы өзгеріс сала берді.

Осы ойыннан кейін шараның салтанатты ашылу боып, спорт саласына еңбек сіңірген журналистер мен үздік ойыншыларды марапаттады. Жасындай жарқылдап жүрген әріптесіміз Дарханның еңбегі бағаланып, арнайы алғыс хатпен марапатталды. Белгілі Айтскерлер Серікзат Дүйсенғазин, Дидар Қамиев, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан сынды сөз сүлейлері футбол тойын арнау өлеңмен әдіптеді. Сөз өнерінің қадірін білетін қатысушылар да бір марқайып қалды.

Екінші ойынды «Қазмедия» құрамасына қарсы өткіздік. Бұл өткен жылы БАҚ лигада финалда ойнаған азулы қарсылас екенін біраз жұрт біледі. Алғашқы таймда біздің жетпейтін жерімізді аңғарып отырған қарсыластар іркес-тіркес екі гол салды. Біздің ойыншылардың көбі жас жігіттер болғандықтан, қарсыластың қағып-соғуына ыңғайлы еді. Осыны сезген Серік пен Нұржан қорғанысқа қайтты да, Мирас пен Дарханды шабуылға жіберді. Тәсіл көп өтпей нәтиже берді, қағып-соғып үйренген қарсыластар Нұржанға келіп қалпақтай ұшып жатты. Барлық әрекеті сауатты біздің қорғаушыға төрешілер де ләм-мим демеді. Осындай қиянкесі айқастардың бірінде ортада ор қояндай ойқастап жүрген Мирас есепті қысқартты. Ойын соңына таяғанда Дархан есепті 2:2 жеткізді де қарсыластардың қолында кетіп бара жатқан ұпайдың жартысын алып қалды.

Үшінші болып Еуразия арнасының ойыншылар қарсы ойнады бізге. Азулы екі қарсыласқа есе жібермеген біздің жігіттер тас-түйін дайын шыққан бұл ойнға. Ысқырық естіле сала Тасқын мергендік танытты. Қарсыластар да қайрат көрсетіп бақты. Бірінші тайымның соңына қарай есепті теңестіріп кетті. Осы ойынның жеңісі ауадай қажет екенін ұққан алтайлық жігіттер аянып қалған жоқ. «Не бел кетер, не белбеу кетер» деген ұстаныммен тер төкті. Ойынға Серік нүкте қойды. Әуелеп келген допты қарсыластың қақпасына баспен тоғытты. Бұл біз үшін алтын доп еді. Қажетті үш ұпайдың шып-шырғасын шығармай қоржынға салдық.

Бұл кезде «А» тобындағы өзге командалар да итжығыспен келе жатқан. Ұлттық арна мен «түркістандық» жігіттердің кездесуі алдында шу шықты. Астаналық жігіттер қонақтардың былығын ашты. Жарыс ережесіне сай келмегендіктен төрешілер «Түркістан» командасы ойыннан шеттетілгенін хабарлады. Біздің жігіттер тымағын аспанға атып қуанды. Себебі, ұпай саны бойынша Шығыс Қазақстан топта көш бастап тұрған. Бірақ, жоғары жақтан жол тапқан шымкенттік жігіттер алаңға қайта келді. Жаңа ғана ойын өткізген біздің жігіттер тың тұрған «Түркістанға» қарсы ойнады. Оның үстіне құрамында кәсби үш ойнышысы бар жырынды қарсылас дегеніне жетті. Есеп– 3:1. Қарсыластың пайдасына. Бұл ойында қақпашы Әділхан мен қорғаушы Нұржанның еңбегін атап айту ләзім. Ал, кәби ойыншыларды кіргізген «Түркітанға» «Қазмедия» жігіттері жауап берді. Өз майына өздерін қуырды.

Алғашқы жыл қатысып айтарлықтай нәтиже көрсеткен біздің жігіттерге көрермендер шынайы ризашылығын білдірді. Біздің жігіттердің ішінде «келесі жылы көрерміз» деген бір сертке бергісіз сенім кетті.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button