Қоғам

«Дидар» газетінің арқасында баспаналы болған отбасы

  «Дидар» газетінің арқасында баспаналы болған отбасы

Қазір баспасөзге жазылу науқаны қызу жүрпгізіліп жатыр. «Дидар» газетінің ұжымы Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада оқырмандармен кездесу өткізді.
Оған облыс орталығындағы мектептердің, кітапханалардың, мәдениет саласының өкілдері, жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Басылымның бас редакторы Уәлихан Тоқпатаев газеттің негізгі бағыт-бағдары, міндеттері, шығармашылық жоспарлары туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, бас редактор жыл сайын газетке жас тілшілерді тарту мақсатында Әзілхан Нұршайықов атындағы шығармашылық байқау өтіп тұратындығын да айтты. Мәселен, биылғы байқау Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Жаңа жылда жаңа айдарлар ашу жоспары да бар. Жиналғандарға «Педагогикалық ой» журналының да қызметі мен мақсаты таныстырылды.
Кездесу негізінен еркін пікір алмасу форматында өрбіді. А.Байтұрсынов атындағы №20 мектептің мұғалімі, белгілі ақын Бақытжан Райысова бүгінгі «Дидар» көңілдерінен шығатынын айтып, л ішінде жүрген талантты адамдар көбірек насихатталса, кітапханашылар туралы көбірек жазылса, әдебиет беті, «Ауылдың айтқыштары» топтамасы жиірек шығып тұрса деген тілегін жеткізді.
Ахмер орта мектебінің кітапханашысы Гүлнәр Әлтенова «Дидар» газетінің өз өмірінде алатын орны айрықша екенін, осыдан 7-8 жыл бұрын басына қиын-қыстау күндер туып, жолдасы жол апатынан қайтыс болып, қайғыға батқан шағында редакцияға мұңын шаққанын, тілшілері қасынан табылып, оның проблемаларына көлемді мақала арнағанын, сол мақаланы оқыған қала басшылығы сөзге келместен баспана бергенін айтып берді. Ардагер ұстаз Еркін Хайдаров та газетті сонау «Коммунизм туы» кезінен бері оқып келе жатқанын айтып, басылым жайында лебізін пікірін білдірді.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button