ТарихТОП

Didar газетінің ескі нөмірі үңгірден табылды

Көненің көзі

Үңгіртанушы спелеологтар мен журналистер Ұлан ауданындағы иен қалған шахтаның төменгі қабатынан «Коммунизм туы» (қазіргі Didar) газетінің 1985 жылы 15 қазанда шыққын нөмірін тауып, суретке түсіріп алған. Фотоны «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Мерей Қайнарұлы біздің редакцияға жолдады.

– Ақтау кентіндегі шахта 1950 жылдан 1993 жылға дейін қызу жұмыс істеп тұрған. Кеншілер арсыл-гүрсіл жұмыстан демалған уақытта газет оқып, аймақтағы жаңалықтарды қадағалап отырған тәрізді. Газеттің бірінші бетінің жұрнағы сақталыпты. Баспадан шыққан уақыты және Қазан төңкерісіне 68 жыл болғаны туралы мақаланың тақырыбы жартылай көрінеді. Бұл да болса көненің көзі, – дейді сапардың жолбасшысы Николай Петров.

Шахтаға спелеолог Николай Петров пен Дмитрий Худяков, журналист Мерей Қайнарұлы және фотограф Евгений Домашев бір апта бұрын түскен. Саяхатшылардың айтуынша, иен қалған үңгірде индустриалды туризмді дамытуға әбден болады. Бұл – әлемде бар үрдіс.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button