ҚоғамТОП

DIDAR газетінің бас редакторы Президент қолынан марапат алды

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада салтанатты жиын өтті. Оған республикалық ақпарат құралдары ғана емес, өңірлердегі жетекші телеарналардың, газет-журналдардың, ақпараттық ресурстардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Атап өтерлігі, марапатталған журналистердің қатарында әріптесіміз – «Altai-News» медиа-орталығының продюсері, облыстық DIDAR газетінің бас редакторы Серік Құмарғалиұлы Әбілхан да бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

– Баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай, – деді Мемлекет басшысы.

Осы айдарда

Back to top button