Қоғам

Дөңгелек шоқыға көшет отырғызды

Дөңгелек шоқыға көшет отырғызды


Кеншілер шаһарындағы Дөңгелек шоқы төбесінің маңына «Қазцинк» компаниясының Риддер металлургия кешені (РМК) қызметкерлері қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл жер келешекте қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орнына айналмақ.

Металлургиялық кешен директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Андрей Зайцевтің басшылығымен көшет егу науқанына белсене қатысқан компанияның жиырмаға тарта өкілі айналасы бір сағаттың ішінде 200-дей жас шыбықты «құтты орындарына қондырды».

– Бұл жер болашақта қалалықтар демалатын жасыл желекке айналса деп ойлаймыз, – дейді металлургиялық жабдықтарды жөндеу цехының жетекші маманы Дмитрий Драницкий.

Айта кетейік, металлургтер бұл игілікті іспен біраз жылдан бері айналысып келеді. Осыған дейін олар өнеркәсіптік кешен маңындағы алаңшаларды абаттандырған болатын.

Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев көшет отырғызу акциясын қолдағаны үшін кәсіпорын ұжымына ризашылығын білдіре келе: – «Казцинк» компаниясының қаланы көгалдандыруға атсалысуы бұл ұжымда Риддердің өркендеуіне жанашырлықпен қарайтын адамдардың еңбек ететіндігін көрсетеді, – деп түйді.

«Дидар» ақпарат

Осы айдарда

Back to top button