ЖаңалықтарТОП

Дәрігерлер ерекше челлендж бастады – ШҚО

ШҚО-ның дәрігерлері “Бөлмеде бала бар! Терезені жабыңыз!» челленджін бастады.

Бұл акция  жазатайым оқиғаларды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қауіпсіздік челленджін Өскемен қаласының №1 емханасының қызметкерлері бастап отыр.

“Челлендж эстафетасын қаламыздың №2 қалалық емханасына тапсырамыз, сондай-ақ осы мәселеге алаңдайтын барлық тұрғындарды акциямызды қолдауға шақырамыз. Бұл бүкіл Қазақстан үшін ауыр мәселе. Жазда ашық терезелерден көптеген балалалар құлайды. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне қамқорлық жасауы керек! Өте мұқият болу керек! Жақындарыңызбен бөлісіңіз! Балаларыңызға қамқорлық жасаңыз!,” – деді медициналық мекемеде.

Бұл акцияны Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығының қызметкерлері де қолдады.

“Москит торларының кездейсоқ зақымдануы немесе олардың түсіп қалуы балалардың терезеден құлауының ең көп тараған себебі болып отыр. Әдетте, балалар терезенің жанында тұрған жиһаздың әртүрлі бөліктерін пайдаланып, терезеге өздері көтеріледі. Балаларыңыздың қауіпсіздігінде үнемдемеңіздер! Терезелер баланың терезені өз бетінше ашу мүмкіндігіне кедергі келтіретін құлыптау құрылғыларымен, блокаторлармен жабдықталуы тиіс”, – деп атап өтті орталықтың дәрігерлері.

Акцияға өңірдің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін суретке түсіп, “Бөлмеде бала бар! Терезені жабыңыз!” хештегімен суретті әлеуметтік желілерге жариялау керек.

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button