Antikor LiveТОП

Департамент басшысы сотталды (Видео)

Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Б.Әлзахов “Восток Инжиниринг” ЖШС директорынан жеті миллион теңге соммасында заңсыз қаржы алмақ болған. Қылмыстық кодекстің 24-бап 3-бөлігі – 190-бап 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру туралы жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

 Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button