Қоғам

Денсаулыққа ден қоймақ

Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде «Дене белсенділігі және спорт – ұлт денсаулығының кепілі» ұранымен денсаулық фестивалі өтті.

Денсаулыққа  ден қоймақФестиваль аясында 1995 – 1997 жылы туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен, бокстан, дзюдодан кездесулер болды.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында көңілді ойындар ойнатылып, қыздар мен ұлдар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілді. Сайыс нәтижесін қорытындылай келе бірінші орынға Гагарин орта мектебінің оқушылары, екінші орынға Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің командасы, үшінші орынға Қасым Қайсенов орта мектебінің командасы ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ұлан ауданы

Осы айдарда

Back to top button