Қоғам

Дәнді дақылдарды қамбаға құйды

    Тау қойнауында жатқан Үржар ауданына қарасты Көлденең ауылдық округі ежелден астықты өңір. Табиғаты қоңырсалқын, жері бау-бақшалы бұл өңір «тал ексең, тоғай өсіп шығатындай» берекелі де жайлы аймақ.

Берікхан ТАЙЖІГІТ, Үржар.

Ауыл әкімі Сайлаухан Истемесовтің айтуынша, биыл да өңір диқандары дәнді дақылдарды орып, қамбаға құйып алған. Мәселен, мұнда биыл 250 гектар жерге күздік бидай егіліп, бүгінгі күні көлденеңдіктер шашпай-төкпей жинап, қамбаға құйды. Осы жылдың қуаңшылығына қарамай олар күздік бидайдың әр гектарынан 18 центнерден өнім жинады.

Сол сияқты, аталмыш ауылдық округ 2700 гектар алқапқа егілген жаздық бидайдың әр гектарынан 15 центнерден өнім алды. Бұдан өзге көлденеңдіктер 350 гектар алқапқа сіңірілген арпа дақылынан 13  центнерден, сұлыдан 12 центнерден астық жинады.

Алдағы қараша айында толық пісіп дайын болатын күнбағыс дақылынан Сайлаухан Истемесов басқаратын ауылдық округ диқандары биыл да мол өнім алуды көздеп отыр.

–  Әсіресе округіміздегі, тіпті аудандағы ең ірі шаруа құрылымы «Юбилейный» ЖШС-ға мол үміт артып отырмыз, – дейді ауыл әкімі.                                                                                                          

Осы айдарда

Back to top button