Қоғам

Демалыс лагеріне барып, концерт қойды

Күршім аудандық мәдениет бөлімінің әртістері өскемендік «Үміт»  балалар үйінің тәрбиеленушілері демалып жатқан Тайынты ауылы маңындағы жазғы демалыс лагеріне арнайы концерттік бағдарламамен барып, жарым көңіл жеткіншектерге тамаша мереке сыйлап қайтты.

Бұл қайырымдылық шарасына кәсіпкерлік бөлімі де белсене қатысқан болатын. Аталған бөлім қызметкерлері лагерьді азық-түлікпен қамту мақсатында өздерімен бірге жеткілікті мөлшерде әртүрлі тамақ өнімдерін алып барып, айта қаларлықтай сияпат жасады.

– «Жақсылық қылсаң, балаға қыл!» деген ғой бабаларымыз, – деп пікір бөліседі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сымбат Дүйсенғазин. – «Жетім көрсең, жебей жүр!» дегенді де дана халқымыз баяғыда айтып кеткен. Сол айтқандай, ата-ана мейіріне шөліркеген жас өрендердің қуанышын көргеннен артық не бар? Бұл айтулы шараға мұрындық болған аудан әкімі Д.Қажановтың «Үміт» балалар үйіне жасап отырған жақсылығы бір бұл емес. Дулат Зайсанбекұлының өткен қыста тағы бір қайырымдылық шарасын өткізіп, ауқымды көмек көрсетіп кеткенін өз көзіңізбен көріп, газет бетінде әңгімелегенсіз. Осының барлығын тұжырымдай келе, бұл қадамды жоғары адамгершіліктің белгісі деп айтуға әбден болады ғой. Ал бұл іс-шара одан әрі жалғаса беретін болады.

Хасен Зәкәрия
Күршім ауданы.

 

 

Осы айдарда

Back to top button