Қоғам

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК  1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сәуірдің соңғы күні Қазақстан аумағына антициклон енеді. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін. Алайда 2 мамырдан бастап күн жылынады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17…27°С-тан 28… -қа дейін, солтүстік өңірлерде 10…18-ден 15…23°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда.

Бірақ көп кешікпей циклондар келеді. 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде жаңбыр тіпті күшейіп, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button