Қоғам

Демалушылар саны артты

Азамат Темірбеков

Биыл Алакөл жағасына келіп демалған туристер саны бір миллионнан асып жығылған. Бұл туралы Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов мәлім етті.

Үржар ауданында туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, демалушыларға жайлы жағдай жасауға бағытталған бірнеше ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі аудан орталығындағы әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары.

– Былтыр Алакөлге 2,3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, Мақаншы-Көктал бағыты арқылы жоғары кернеулі электр желісі тартылды. Сонымен қатар көл жағалауында су құбырын тарту жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттен қаржы бөлінді. Оған қоса жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын  әуежайды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, – дейді Нұржан Тоқсейітов.

Бұдан бөлек, демалыс орындарында полиция және фельдшерлік пунктті салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланды. Сонымен қатар Алакөл жағалауында 60 гектар жерді құрғату үшін қаражат қарастырылды.

Қоса кетсек, биылғы жазғы демалыс маусымында Алакөлге бір миллионнан астам турист келген.

 

Осы айдарда

Back to top button