Қоғам

Даярлық жүріп жатыр

Хасен Зәкәрия

      5 маусымда өтетін референдумға даярлық Күршім ауданында да қызу жүріп жатыр. Бұл даярлықтың Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған күннен бастап қолға алынғанын айта кетудің артықтығы жоқ.

Бұл жайдан егжей-тегжейлі мағлұмат алу мақсатында біз ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қасымбаевамен жолыққан болатынбыз.

– Аудан бойынша ақпараттық насихатқа байланысты сайлаушылардың түрлі санаттарының қатысуымен 105 офлайн іс-шараларды қамтитын үгіт іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, бекітілді. Желілік кестеге сәйкес 14 адамнан тұратын (блогерлер, кәсіпкерлер, журналистер, шаруа қожалықтарының басшылары, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер кеңестерінің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері) аудандық спикерлер тізімі жасалды. Сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшылары ретінде  сегіз адамның тізімі жасалды, – дейді Арайлым Сейітқамзақызы.

А.Қасымбаева сонымен бірге референдумды ақпараттандыру бойынша медиа-жоспар бекітілгенін құлаққағыс етті. 13 мамыр күні аудандағы барлық аулалар санын қамти отырып, «Референдум-2022» айдарымен «Рауан-Заря» газетінің арнайы саны шығарылып, барлық ауылдық округтерге таратылды. Сонымен қатар Жаңа Қазақстан, Конституциялық реформаны түсіндірудің 13 бағыты бойынша тезистер әзірленді. Бүгінге дейін 32 іс-шара өткізіліп, 1685 адам қамтылып отыр.

Халықтың барлық санаттары (12 172 адам, бұл сайлаушылардың 74,9 пайызы) үгіт-насихатпен қамтылды. Ақпараттық парақшаларды тарату бойынша «Есіктен – есікке» атты акциямен аудан сайлаушыларының 89,9 пайызы қамтылатын болады. Референдумға байланысты «Әр дауыс маңызды», «Важен каждый голос» тақырыбымен 14 баннерге тапсырыс берілді. Референдум кезінде бұл жауапты науқанның барысын 56 тәуелсіз бақылаушы қадағалайды. Олардың 10-ы жабық округтерде болады, ал қалған 46 бақылаушы халықпен бетпе-бет жұмыс жүргізеді.

 Күршім ауданы.

Осы айдарда

Back to top button