Қоғам
Датчиктің арқасында 7 адам аман қалды
Глубокое ауданы Верх-Березовка ауылында улы газды анықтайтын датчиктің арқасында 7 адам аман қалды.
Оқиға Куйбышев көшесіндегі жер үйде түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Датчик дабыл қағып, шырт ұйқыда жатқан жанұяны оятыпты. Мұндай құрылғылар облыстағы әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне тегін қойылған болатын.