Қоғам

Даниал Ахметов құттықтау жеделхатын жолдады

Даниал Ахметов құттықтау жеделхатын жолдады

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан байрақты бәсекеде Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова 14,74 метр қашықтыққа секіріп, Қазақстанның қоржынына қола медаль салды. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ осыған орай қос Олимпиаданың жүлдегері, жерлесіміз О. Рыпаковаға құттықтау жеделхатын жолдады.
Онда: «Сізді Олимпиада ойындарында кезекті медальді жеңіп алуыңызбен құттықтаймын. Бұл Қазақстанның халықаралық ареналардағы табыстарына қосылған зор үлес болып табылады. Сіздің жетістігіңіз жанкүйерлеріңізді ұмытылмас әсерге, ғажап мақтаныш сезіміне бөледі.
Сіз қол жеткізген жоғары көрсеткіштер – отандық жас спортшылар үшін тамаша үлгі.
Біз Сізді мақтан тұтамыз!
Сізге алда да жарқын жеңістер, жаңа спорт шыңдарын бағындыруда табыстар тілеймін!»-делінген.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button