Қоғам

Даму жоспарлары барлық көрсеткіштер бойынша орындалды

Nur Otan партиясы облыстық филиалының XXV есептік-сайлау конференциясында аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шолу жасап, аграрлық, өнеркәсіптік, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Облыс әкімі коронавирусқа қарамастан 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары барлық көрсеткіштер бойынша орындалғанын атап өтті.

– Облыстағы партия ұйымдарында праймериз, электоралдық және сайлау кезеңдері жоғары жауапкершілікпен жүзеге асты. Партия басшылығы мен Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындадық. Депутаттар арасында 30%-дан астамы – 29 жасқа дейінгі жастар мен әйелдер, 20%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Орташа жасы – 43 жас. Облыста праймеризге 1054 партия мүшесі қатысты, рейтинг қорытындысы бойынша партиялық тізімдерге 542 кандидат тіркеуден өтті. Сайлауда облыс сайлаушыларының 84%-дан астамы Nur Otan партиясына дауыс берді, – деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, «Birgemiz» республикалық акциясы аясында халықтың аса мұқтаж 7 тобының өкілдеріне 50 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетілді.

2,5 миллиард теңгеден астам қаражат 50 мыңнан астам облыс тұрғынының шотына аударылды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне  және оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, жалпы 16 мың адамға азық-түлік себеттері табысталды.

 

 

 

Осы айдарда

Back to top button