Экономика

«Даму» қоры ауылға жетті

«Даму» қоры ауылға жетті

Үржар аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығы мен «Даму» қорының бастамасымен аталмыш қор кеңесшілерінің қызметі ашылды.

Оның ашылу рәсіміне аудан басшылығымен бірге бірқатар кәсіпкерлер қатысты. Кеңесшілердің жұмысын түсіндіріп өткен «Даму» қорының өкілі Ержан Разбеков:

– Көп жағдайда бизнес-кәсіпорындардың стратегиялық жоспарын құратын адамдар стратегияның не екенін, оның сәтті жүзеге асырылуы үшін не істеуі керектігін жете түсіне бермейді. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін, орталық кеңесшілері жергілікті жұртқа кәсіпкерлікті қолдау мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларды таныстырып, бизнесті ашу, жүргізу, жоспарлау туралы ақпараттар береді. Бизнес- жоспарлар құру, білім беру жобасына қатысу сияқты мәселелерде тегін көмек көрсетеді, – деп атап өтті.

Ауданның шағын және орта бизнес өкілдері кеңесшілердің Үржар өңіріне келіп, қызмет етіп жатқанын оң қадамға бағалап, соның арқасында енді қажетті ақпаратты молынан алуға мүмкіндік туатынын қуана бөлісті.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button