Қоғам

«Даму-Көмек» демеушілік көрсетті

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Даму-Көмек» бағыты аясында «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы 1-топтағы мүгедек Тимур Сейсебаевқа демеушілік көмек көрсетті.

«Даму-Көмек» демеушілік көрсеттіБөлімше қызметкерлері оған Өскемен қаласының кәсіпкері бөлген қаржыға сатып алынған қолөнер бұйымдарын сыйға тартты. Т.Сейсебаев ағаш, сым және қағазды пайдаланып сурет салып, түрлі бұйымдар жасап келеді.

Жақында қолөнер шебері мүмкіндігі шектеулі жандардың «Үміт көктемі» көркем-өнер шығармашылығының көрме-байқауына шақыру алған екен. Көрмеге қатысуға сапалы материалдары болмаған ол «Даму» қорының аймақтық бөлімшесіне көмек сұрап, жүгінген.

Тимурға қолөнер материалдары беріліп қана қоймай, енді ол ағымдағы жылдың сәуір айында «Белисима» ЖШС негізінде ұйымдастырылатын мүмкіндігі шектеулі адамдарды сәнді-қолданбалы өнерге және халық өнеркәсібіне үйрету бойынша өткізілгелі жатқан курстарға қатыстырылғалы отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button