Өскемен мен Семейде 100 дәрігерге алғыс пакеттері табысталды.
Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының облыстық филиалының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында республикалық «Дәрігерлерді ардақтайық» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – короновирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау беріп, құрмет көрсету. Осы орайда, Өскемен және Семей қалаларында 100 дәрігерге алғыс пакеттері табысталды. Өскемен қаласы бойынша акцияға қолдау көрсеткен –«Эмиль» фирмасының директоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Анна Аберле. Алғыс пакеттерінің ішінде: «Эмиль» кәсіпорынының сүт өнімдері, «Қазақстан» шоколады және азық-түлік пен жеміс-жидектер бар.
– Бұл акция арқылы біз дәрігерлерге деген құрметтің жоғары екендігін және бұл індетте халықпен бірге екендігінмізді көрсеткіміз келді, – дейді Jas Otan Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Алмас Айтмұқаш.
– Пандемия басталғалы бері біз республикалық «Біз Біргеміз!», «Дәрігерлерді ардақтайық» сынды акцияларды ұйымдастыру арқылы өз бірлігімізді, қуатты ел екенімізді көрсетіп келе жатырмыз, – деді белсенді жас Дастан Нұршуақ.
Инфекциялық аурухананың дәрігерлері акцияны ұйымдастырушы Jas Otan Жастар қанатының белсенділеріне рахметін айтты.
Жасын Қалибек