«AMANAT»ТОП

Дәрігерлер шетелде біліктілігін арттырады

Ержан Әбіш

Шығыстағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға биыл 840 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Жиында «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы бойынша білім мен денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды.

– 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асуда, аталған жобаның нысаналы тобы – мектеп түлектері, NEET жастар, аз қамтылған отбасылардың балалары, ерекше балалар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы – 6890 орын, яғни 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 10%-ға ұлғайды. Сондай-ақ республикалық бюджеттен 2025 жылға дейін 9-шы сынып түлектерін тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға арналған қосымша 2800 орын бөлінді, – деді білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.

Өңірде денсаулық саласын дамыту жұмыстары да қарқынды. Дәрігерлер біліктілігін арттыру тұрақты жүргізіліп келеді.

– Биыл облыстық бюджеттен кардиология, қан айналымы жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау, гематология және онкогематология бағыттары бойынша Израиль мен Германия клиникаларында медицина қызметкерлерінің  біліктілігін арттыруға 840,2 миллион теңге бөлінді, – деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Жиын соңында кеңес мүшелері атқарушы органдар өкілдеріне сайлауалды бағдарламаны сапалы орындау қажеттігін жеткізді.

Осы айдарда

Back to top button