COVID-19 

Дәрі-дәрмек жеткілікті

Үлкен шаһарларда бас көтеріп, халықты үрейлендірген коронавирус індетінің беті сәл де болса қайтып, таралуы саябырлағанын естіп, көңіліміз  жайланды. Дегенмен, «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, не нәрсеге де әзір болып, аталған індеттің алдын дер кезінде алудың маңызы зор екендігі түсінікті.

Күршім аудандық ауруханасында бұл бағытта айта қаларлықтай жұмыстар атқарылып, сақтық шаралары мұқият қадағалануда. Сырқаттар анықталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс қажетті шаралар тізімі даярланып, дәрі-дәрмек, төсек-орындар сақадай сай тұр.

– «Тәубе» деп айтайын, ауданда әзірше бұл қатерлі індетке шалдыққан адам жоқ, – дейді бас дәрігердің орынбасары Ернар Серікұлы. – Дерт белгілері 8 тамызда бір адамнан анықталған болатын, бірақ ол ПТР-ды Өскемен қаласында тапсырып, сол арада бақылауға алынды. Бұл науқас коронавирус дертінің симптомсыз түріне шалдыққан екен.

Бұдан соң Ернар Серікұлы аудан көлеміндегі ахуалдан біршама нақты мағлұматтар беріп өтті. Оның айтуынша, Күршім ауданында 14 мобильді бригада жұмыс істейді екен, олардың ішінде 3 резервтік, 12 дәрігерлік, 3 фельдшерлік бригада бар. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Антибиотиктер, вирусқа қарсы препараттар, антикоагулянттар, ыстық түсіретін дәрілер 60 күнге жетеді деп мөлшерленуде. Ауруханаларда бұдан басқа 10 монитор, 9 инфузомат, 13 өкпені жасанды желдету аппараты, 2 рентген аппараты, 34 оттегі концентраторы бар. Сонымен бірге 18 пульсоксиметр, оттегі станциясына арналған 50 оттегі көзі бар магистраль, ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр.

Хасен Зәкария

Күршім ауданы.

 

Осы айдарда

Back to top button