Қоғам

Дәрі-дәрмек тапшылығы төмендеді

Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік  топ  өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыттың сөзінше, жағдай тұрақталып келеді.

– Арнайы мониторингтік топ 10 шілдеден бері күнделікті дәріханаларға бақылау жұмыстарын жүргізуде. Барлығын салыстыра келе, өңірімізде дәрі тапшылығының төмендегенін атап өткім келеді. Қазір барлық дәріханаларға ыстық түсіретін препараттар келіп түсті. Бір адамға екі данадан сатылып жатыр. Кезекті бақылау барысында біз дәрі бағасының өсіп кетпеуін қадағалаудамыз, – деді Маржан Бахыт.

Айта кетейік, жобалық кеңсе дәрі-дәрмекке қатысты барлық мәселе мен шет мемлекеттен келетін гуманитарлық көмектерді басты назарда ұстап отыр. Егерде дәрі-дәрмектердің қымбатқа сатылып жатқанын көрген болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center-ге (1424) қоңырау шала аласыз немесе «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлауыңызға болады: +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі).

Осы айдарда

Back to top button