Қоғам

COVID-19: ШҚО дәрігерлері сабақ оқыды

Өңір дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцина егу бойынша арнайы дайындықтан өтті. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли айтты. 

Ли мырзаның сөзіне қарағанда, бұл сабақты Денсаулық сақтау министрлігі өткізген.

– Облыста екпе жүргізуді ұйымдастырып, дайындық жұмыстарымен айналысатын арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Вакцина егу бірінші ақпаннан басталып, алты кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде 100 мың адамды қамту көзделген. Жаппай егудің тәртібі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында жарияланды. Қазір тиісті емханаларда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар оны өздері тіркелген жердегі жергілікті емханаларындың егу кабинеттерінде салғызады. Мұндай кабинеттер барлық алғашқы медициналық көмек ұйымдарында бар. Медқызметкерлердің дайындағына келер болсақ, жауапты министрлік біздің облыстың мамандарына арнайы сабақ өткізді. Сол себепті барлығы ойдағыдай болуы керек, – деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button