Қоғам

Чемпионның облыс әкіміне алғысы шексіз

Чемпионның облыс әкіміне алғысы шексіз


Cемейлік спортшы Данияр Тайменов қол күресінен Болгарияда болған сайыстан чемпион атанып қайтты. Жарыс Благовград қаласында қазанның 1-10 аралығында өтті.

80 келі салмақта өнер көрсетіп, алтыннан алқа таққан жерлесіміз: « Осындай жеңіске жетуіме мүмкіндік туғызып, қолдау көрсеткен облыс əкімі ДаниАл Кенжетайұлына алғысым шексіз»,-дейді.

Семейдегі құлағы нашар еститіндерге арналған 4-інші мектеп-интернаттың түлегі оң қолмен де, сол қолмен де күресіп, қарсылас шақ келтірмеді. Ол сөйтіп алтыннан медаль тағып, ел мерейін асқақтатты.

-Балам әлем чемпионатына облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ қолдауымен барып келді. Аймақ басшысына отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтамыз,-дейді Даниярдың анасы Сайраш Тайменова, – ол бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында Қазақстан мен Азия кубоктарын иеленген болатын. Польшада өткен сайыста тұңғыш рет əлем чемпионы атанды.

-Даниярдың алда да алар асуы мол. Біз оған сенеміз. Ол өз жанкүйерлерін әлі талай қуантатын болады,-дейді аға жаттықтырушы Төлеген Сағатаев, – чемпионымыз он жылдан бері өзіне спортты серік етіп келеді.

Раушан Нұхманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button