Қоғам

БІЗДІҢ ӨНІМДЕРІМІЗ АЛМАТЫ ДҮКЕНДЕРІНДЕ САТЫЛАДЫ

 

БІЗДІҢ ӨНІМДЕРІМІЗ АЛМАТЫ ДҮКЕНДЕРІНДЕ САТЫЛАДЫ

 

Еліміздегі ең ірі мегаполистің бірі – Алматы шаһары мен біздің облыстың арасында аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВТІҢ бастамасымен былтырғы сәуірден бастап өңіраралық әріптестік және сауда-экономикалық байланыс нығайтылып, жан-жақты дамытылып келеді.

Постельное белье Алматы по привлекательной цене

Нәтижесінде 2016 жылдың қыркүйек айының соңында Алматыда аймақ күндері өтіп, облыстың ірі ауылшаруашылық өнім өндірушілері өнімдерін оңтүстік астана нарығына өткізіп қайтқан еді. Мұнан бөлек Алматы қаласы әкімдігі мен облыс арасында ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жобаларды бірлесіп іске асыруға бірқатар келісімдер жасалған.

Бұл шаруа биыл да лайықты жалғасын тауып, биылғы сәуір айының ортасында облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин бастаған облыс делегациясы Алматы қаласына барып, қаладағы ірі сауда және өндіріс нысандарымен танысып, қала әкімдігімен біраз келісімдерге қол жеткізіп қайтты. Аталған сапардың қорытындысы мен алдағы жоспарлар туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков айтып берді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2016 жылы облыстан Алматы қаласына жеткізілген азық-түлік тауарларының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артып, 42,3 мың тонна тауарлы өнімді құраған екен. Бұл – 7,6 млрд. теңгенің өнімі. Сауда көрсеткіштерінің талдау динамикасы үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығындағы көрсеткіш те оң екенін көрсеткен.

– Бұған облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ төрағалығымен жыл көлемінде Алматы қаласы әкімімен және жергілікті ірі кәсіпкерлермен өзара сауда-экономикалық байланысты нығайту және бұл жолдағы түрлі кедергілерді жою бағытында тұрақты өткізілген кездесулердің арқасында қол жеткізіліп отыр, – деді Қонысбай Төлеубеков.

Сонымен қатар, ол биылғы жылдың наурыз айының басында құрамында ауыл шаруашылығы басқармасы және ірі сауда желілерінің басшылары бар Алматылық делегация Өскеменге келіп, «Эмиль» ЖШС, «Өскемен құс фабрикасы» ЖШС, «Пасека» ШҚ, «Айтас МП» ЖШС, «Гормолкомбинат» кәсіпорындары өндіретін өнімдермен танысып, қорытынды жиында алдағы уақытта «Алтай» брендімен омарта шаруашылығы өнімдерін, ет және сүт өнімдерін мегаполисте өткізудің жолдарын талқылап қайтқанын жеткізді.

Ал бұл жолғы делегация құрамындағы облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалары өкілдері, Ұлан, Үржар аудандары әкімдерінің орынбасарлары және қызығушылық танытқан кәсіпорындар басшылары Алматыда «Мизам» толайым-бөлшек сауда орталығының ұйымдастыру қызметімен, гидропоника негізінде 10 гектарға қияр, қызанақ өсіріп отырған «BRBAPK» жылыжайының жұмысымен танысқан. Бұдан басқа өзіміздің «Эмильдің» сүт өнімдері, «Өскемен құс фабрикасы» ЖШС құс еттері, «Май» АҚ күнбағыс майы, «Ас» ТПО балық еті, бал өнімдері сатылымға қойылған ірі «CareFull» супермаркетінде де болып қайтқан.

Басқарма басшысы айтқандай, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, инвесторлар және ірі сауда желілері мен орталықтарының жетекшілері қатысқан тараптар арасындағы кездесу барысында «Юбилейный» және «Столичный» супермаркеттерінде бал және панты өнімдерін сататын сауда орындарын ұйымдастыру, Алмалы және Бостандық аудандарында сенбі күні болатын жәрмеңкелерде «Пасека» ШҚ мен «Олений парк» ЖШС өнімдерін өткізу үшін сауда орындарымен қамтамасыз ету, туризмді дамыту мен сауданы кеңейту мақсатында Алматыда Шығыстың экологиялық таза брендті өнімдері сатылатын «Алтай сыйы» дүкенін құруды қарастыру, балды қаптап, қалталауды үйрену үшін Алматы облысы, Лепсі аулындағы «ЖерСу» ЖШС тәжірибесімен танысуды ұйымдастыру келісімдеріне қол жеткізілген.

Ал «Мизам» ТБС орталығының басшылығы «Пасека» ШҚ өнімдерін сатуға орын бөлуге қызығушылық танытса, «BN ORDA» ЖШС өкілдерімен «Magnum Cash&Carry» сауда орталығының барлық сауда желілерінде «Эмильдің» сүт өнімдері ассортиментін кеңейту, көлемін ұлғайту жөнінде келісім жасалған.
Кездесу барысында Ұлан ауданы әкімдігі Қ.Қайсенов кенті маңындағы дайын база негізінде салқындатылған кесекті ет шығаратын бірлескен кәсіпорын құру жобасын айтты. Оған ауданда барлық жағдай бар. Ал Үржар ауданы әкімдігі «Швабские колбаски» ет комбинатын таныстырды. «BN ORDA» ЖШС өкілдері жобаларға қызығушылық танытып, жақын уақытта облысқа келіп кетпекке уәде етті. Бұлармен облыстың тауар өндірушілері арасында кепілді әрі тұрақты өнім көлемін қамтамасыз ету үшін фьючерстік келісім бекітілді.

Облыс делегациясы Алматыдағы өзге де ірі сауда желілерімен сауданы кеңейту бағытында жекелеген келісімдерге қол жеткізді. Мәселен, «UZagrotrade» ЖШС Өзбекстан жағынан көкөніс өнімдерін облысымызға жеткізсе, ал бізден Өзбекстанда үлкен сұранысқа ие ет, сүт және басқа да өнімдер ала алмақ.
Сонымен қатар, біздің «СемАЗ» ЖШС және басқа да кәсіпорындар алдағы уақытта Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қалаларындағы «ДжиЭмПиТи-Узбекистан» БК, «KrantasGroup», «Ташкент ауыл шаруашылығы техникасы зауыты» АҚ, «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ, «Агрегатный завод» АҚ секілді өндірістік зауыттарымен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Бұлардың ішінде «KrantasGroup» АҚ әртүрлі шассилі автомобильдерге арналған, жүк көтеру қуаты 25-30 тонналық автокөтергіштер, аспалы жабдықтар және коммуналдық техникалар шығарады. Аталған кәсіпорын біздің кәсіпорындармен ынтымақтасуға әзір.

Дәурен АЛЛАБЕРГЕНҰЛЫ

Осы айдарда

Back to top button