Экономика

Біздің \”Азия Авто\” KIA Sorento шығарып жатыр

KIA Sorento бүгінгі таңда SUV-сегментті ең танымал отандық автокөліктердің бірі. Ол өзін сенімді, әрі күй талғамайтын көлік ретінде көрсете алды. Жүру сапасы мен салондағы адамдарға жасалған жайлылық жоғары деңгейде.

Біздің "Азия Авто" KIA Sorento шығарып жатырKIA Motors компаниясының атқарушы вице-президенті О.Томастың айтуынша, 2013 жылы әлем бойынша KIA Sorento көлігінің шамамен 265 000 данасы сатылымға шығады.

KIA Sorento машинасының ең басты қасиеттерінің бірі – сыйымдылығы. Мұндай көліктер сатып алушыларға бес немесе жеті орындықты болып ұсынылады. АҚШ-тағы жол қозғалысы қауіпсіздігі сақтандыру институты KIA Sorento-ны 2011 жылдың ең қауіпсіз автокөлігі деп таныған.

KIA Sorento Euro NCAP краш-тестінің нәтижесі бойынша «бес жұлдызды» иеленген. KIA Sorento-ның жаңа үлгісі жетілдірудің шегі болмайтынын анық дәлелдеді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button