Қоғам

Біз Қазақстанның «Алтын ғасырында» өмір сүріп жатырмыз

Біз Қазақстанның «Алтын ғасырында» өмір сүріп жатырмыз


Қазақскан Республикасының Тұңғыш Президенті күні облыс әкімі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Даниал Ахметов Семейде Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері мен магистранттарына арнап дәріс оқыды. Жастармен әңгімелескен аймақ басшысы жас тәуелсіз Қазақстанның экономикалық және саяси дамуындағы көпшілікке белгісіз деректер туралы, осы үрдістегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасының рөлі туралы айтып берді.

Атап өтерлік жайт, Даниал Ахметовке Кеңестер Одағы жойылып, ал тәуелсіз Қазақстан әлі құрыла қоймаған бүкіл ел үшін күрделі кезеңде Мемлекет басшысының сенімді серіктерінің бірі болу бақыты бұйырған болатын.

–Әлі есімде, өткен ғасырдағы 80-ші жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында қуатты энергетикалық блок салынған Екібастұз қаласында КСРО-дағы энергетиканы дамыту бойынша үлкен жиын өтіп жатты. Кеңестер Одағының екі бірдей ірі министрлігінің жұмысын мақтаған көптеген пікірлер айтылды. Кенет бір адам сөз алып, нақ осы министрліктер жұмысын сынға ала жөнелді, жергілікті жерлердегі энергетика саласы жұмысшыларының өмір сүру және еңбек ету жағдайлары мәз емес екенін баса айтты. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Сол кезде республика басшылығы тарапынан одақтық министрліктерге, тіпті, үкіметке қатысты мұндай сындар айту өте батыл қадам болатын. Есімде қалғаны, сол кезде біздің басшының осы мәселені айтуға қорықпағаны үшін мені мақтаныш сезімі кернеген еді, – деп өз естеліктерімен бөлісті жастармен кездесуде Даниал Кенжетайұлы.

Даниал Ахметов өзінің дәрісі кезінде Семей студенттеріне қазіргі заманғы тарихшылар мен тәуелсіз Қазақстанды зерттеушілер біле бермейтін деректермен бөлісті. Мәселен, бүкіл елді нарықтық экономика рельстеріне салу үшін Президентке қандай күш-қайрат пен ерік-жігер қажет болғанын айтты.

–Нұрсұлтан Әбішұлының біздер үшін – облыстар мен қалалар басшыларыүшін нарықтық экономика бойынша дәрістер оқуға қалай уақыт тапқанына қайран қаламын. Біз жаңа елді құрып жатқан едік қой. Ол бірегей тарихи оқиғалар орын алып жатқан кезең болатын. Біздің ешқайсымыз «нарықтық экономиканың» не екенін білмейтінбіз. Бізде қазіргідей түрліақпарат алатын интернет жоқ еді. Сол себептен біз әр сәрсенбі сайын астанаға ұшып баратынбыз, ал Елбасы елді терең экономикалық дағдарыстан алып шығу үшін қандай қадамдар жасау керектігін түсіндіретін, – деп атап көрсетті Даниал Ахметов.

Біз Қазақстанның «Алтын ғасырында» өмір сүріп жатырмыз

Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі әлемдік деңгейдегі көптеген бейбіт бастамалармен байланыстырылады. Өз дәрісінде Даниал Ахметов Семей полигонын жаба отырып және бүкіл ядролық зымырандарды толық жоя отырып, «Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге тәуелсіз мемлекеттің бейбіт бастамаларының теңдессіз үлгісін көрсеткенін» атап өтті. Әлі күнге дейін әлем елдерінің ешбір басшысы бұл қадамды қайталаған жоқ. Десек те, Қазақстанның үлгісі әлемді ядролық жарылыстан бас тартуға, қарулану сайысын тежеуге, планетамыздағы ірі сынақ полигондарының жұмысын тоқтатуға мәжбүрледі.

–Бүгінде Елбасы Қазақстанның болашағы туралы, біздің балаларымыз бен немерелеріміз қандай елде тұратыны туралыұдайы ойлайды. Оның «Рухани жаңғыру туралы мақаласы – Президент біздің өткенімізді саралайтын, қазіргіге баға беретін және бізге халықтың, елдің болашағы туралы айтатын ауқымды пәлсапалық еңбек. Ол жастарды оқуға, жаңа белестерді бағындыруға, келешек үшін еңбек етуге үндейді, себебі ол терең білімсіз қарқынды дамып жатқан әлемнен мүлдем қалып қалуымыз мүмкін екенін анық көріп тұр. Мен болашақ тарихшылар бүгінгі өмір сүріп жатқан уақытты «Қазақстанның «Алтын ғасыры» деп атайтынына кәміл сенемін! – деді Даниал Ахметов.

Тәуелсіздікті алғашқы жылдары Президент «алдымен экономика, сонан соң саясат» деген бағытты ұстанды. Себебі, Кеңес үкіметінен қалған, қайта құруда шашылып кеткен көп дүниені қалпына келтіріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту керек болды. Президент Қазақстанның әлем экономикасына үлес қосушы мемлекетке айналуына ықпал етті. 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Қазақстанда азаматтық қоғам құрылып, әр ұлттың құқықтары мен бостандықтарына еркіндік берілді. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінде Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың «Токамак КТМ» жобасы шетелдіктердің назарын ерекше аударды.

Жиын соңында Даниал Ахметов студенттердің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Тұңғыш Президент күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырған көрмені тамашалап, ғылым мен техниканы дамытуға айрықша үлес қосып отырған университет ұжымына табыс тіледі.

Раушан Қабжанқызы
Семей.

Осы айдарда

Back to top button