Қоғам

Бюджетті уақтылы игерген аудандар ынталандырылды

Бюджетті уақтылы игерген аудандар ынталандырылды

Бюджетті дер кезінде игерген аудандарға әр тоқсан сайын сыйақы берілуі мүмкін. Аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ облыс әкімдігінің аппарат мәжілісінде осындай ұсыныс тастады.

«Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асуына қатысты ақпартты тыңдай келе, облыс басшысы аудан, қала әкімдерін республикадан бөлінген ақшаны дер кезінде игеруге күш салуға шақырды. Бұл бағытта тыңғылықты жұмыс істеп, қаржыны кестеге сай игерген аудандарды ынталандыру мақсатында тоқсан сайын облыс бюджетінен демеуқаржы бөлінетін болады. Аталмыш қаржы ауданның немесе қаланың әлеуметтік сипаттағы кішігірім мәселелерін шешуге бағытталуы шарт.

-Әр тоқсан сайын аудан, қалалардың мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаржыны кестеге сай игеруін сараптап, 100 пайыздық көрсеткішке ие болғандарын ынталандыру қажет. Ол қаржыны әкімдер жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсайтын болады. Бұл істі орынбасарым Қуат Тұмабаевқа тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Бюджетті бүкпесіз игергендер сыйақымен марапатталса, конкурсты созып, кестеден кешіккен әкімдердің ісі май шаммен қаралуы мүмкін. Аймақ басшысы бюджеттің атқарылуына жауапты ведомстволарға осының бәрін реттейтін жүйелі жоспар құруды тапсырды.
Есжан Ботақара

Осы айдарда

Back to top button