Бюджет қаражатын бақылайды

Биылдан бастап Үржар ауданының Науалы ауылдық округіне бөлінген қаражат жаңадан сайланған қоғамдастық мүшелерімен ақылдаса отырып жұмсалатын болады.
– Ақпан айының басында ауылдық округімізде жаңадан қоғамдастық мүшелері сайланды. Бұл – бұдан былай ауылдық бюджетке келіп түскен қаражаттың қайда, қандай мақсатпен жұмсалатынын осы кісілермен бірлесе отырып шешетін боламыз деген сөз, – деді «АNTIKOR LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде тұрғындар алдында есеп берген Науалы ауылдық округінің әкімі Ұлан Сәрсенбаев.
Жалпы, бюджет қаражатын ауыл азаматтарымен ақылдаса отырып жұмсау аталмыш округте бұған дейін де тәжірибеде қолданылып келген болатын. Атап айтсақ, өткен жылы өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде былтыр 3,7 млн. теңге мөлшерінде бөлінген қаражат ауыл белсенділерімен ақылдаса келе, ауылдық округтің екі елді мекенінде мал бөлу құрылғыларын орнатуға жұмсалған.
Азамат Темірбеков