Балық шаруашылығыҚоғамТОП

Бұқтырма суқоймасына заңсыз құрылған ауды өртеп жіберді

Ақпан айының алғашқы аптасында балық шаруашылығы инспекторларының Бұқтырма суқоймасында жүргізген рейді барысында 9,5 шақырымға таяу заңсыз құрылған ау анықталды.

Ақпан айының 4-6 күндері аралығында балық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері Күршім, Бұқтырма инспекцияларымен, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жедел тобымен бірлесе отырып заңсыз балық аулауға, ау құруды анықтауға бағытталған рейд өткізді, – дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің бастығы Фархат Байбазаров.

Жауапты тұлғаның айтуынша, ұйымдастырылған шара барысында рейд Ертіс өзенінің Бұқтырма суқоймасы бөлігіндегі учаскелерде жүргізіліп, синтетикалық қылдан тоқылған 95 дана заңсыз құрылған ау тәркіленген. Жалпы ұзындығы 9500 метрге жуықтайтын ау құралдары Самар ауылының қоқыс полигонында өртелді. Ауға түскен балықтардың тірісі өзенге жіберіліп, өлісі қоймаға өткізілді.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button