Қоғам

Бұл мамандықтарды таңдағандар тасада қалмайды

Базалық инженерлік даярлық факультеті Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің стратегиялық даму бағдарламасына сай 2020 жылы құрылған.

      Факультет мақсаты – CDIO (жоспарлау – жобалау – өндіру – қолдану) моделінің негізінде инженерлерді даярлау үшін инновациялық білім берудің базалық ортасын құру. Ал міндеттері – элиталық техникалық білім беру жүйесін енгізу, студенттердің зияткерлік даму мен өнертапқыштық қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру, күрделі жобаларға қатысу, сандық дағдылары жоғары, сыни ойлай, талдай білетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Техникалық физика

      Таңдау бойынша тестілеу пәні – физика. Бейіндік пән – математика.

«6B05301 – техникалық физика» білім беру бағдарламасының түлектері лаборатория басшысы, оның орынбасары, инженер-зерттеуші, инженер-лаборант, ғылыми қызметкер, инженер-оператор, инженер лауазымдарын атқара алады.

      Кәсіби қызмет саласы – жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды зерттеуді, әзірлеуді, жасауды, пайдалануды қамтитын ғылым мен техника салалары.

      Кәсіби қызмет объектісі – физикалық процестер мен құбылыстар, физикалық және физикалық-технологиялық аспаптар, жүйелер мен кешендер, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік, жобалау-конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  1. Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі – кәсіби қызмет объектісінің бейініне сай жаңа ғылыми нәтижелерді, ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу; физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану; математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу; жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың заманауи әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде суперкомпьютерлерді қолдану; жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу; жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау; ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу; ғылыми және ғылыми-техникалық жарияланымдар дайындау.
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі – ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу; өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау; ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу.

Кәсіби оқыту үшін «Ұлттық ядролық орталық», «ҮМЗ», «ТехноАналит», басқа да кәсіпорындармен бірлескен ынтымақтастық және іс-тәжірибелік базаны ұйымдастыру шарттары жасалды, онда көшпелі сабақтар, оқу-өндірістік іс-тәжірибелер өтеді және «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

Қазір білім беру бағдарламасының пәндері бойынша сабақтарды 2 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 6 PhD докторы, 10 магистр жүргізеді. Оқытушылар ғылыми-зерттеумен белсенді айналысады.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту міндетті. Студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері республикалық, халықаралық басылымдарда жарияланып тұрады. Студенттер ғылыми жұмыстар конкурстарына, республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысады. Олар жыл сайын Президент стипендиясын иеленеді.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады. Серіктес ЖОО-лар – «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университеті (Ресей), Вроцлав ғылым және технологиялар университеті (Польша), Люблин политехникалық университеті (Польша).

Мамандық бойынша республикалық олимпиадаларда студенттер жыл сайын жүлделі орындарға ие болады. Олар университет өміріне белсенді қатысады, облыстық, республикалық, халықаралық спорт жарыстарына қатысады.      Басқа қаладан келген студенттер үшін жатақхана бар. Оқытушылар жатақханада жастармен тақырыптық кездесулер өткізіп тұрады.

Бітіргеннен кейін білім алушыға «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавриат бітіргеннен кейін түлектер «7M05301 – техникалық физика» және «7M05303 – физика» мамандықтары бойынша ШҚТУ магистратурасында оқуын жалғастыра алады. Бакалавриат түлектерінің 100%-ы жұмысқа орналасады.

Атом энергетикасына арналған материалдар

Бакалавриат базалық жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды көздейді. Күндізгі бөлімнің оқу мерзімі – 4 жыл. Дәрежесі – техника және технология бакалавры. Оқыту тілі – орыс.

      Білім беру бағдарламасының мақсаты – жаратылыстану, математикалық және негізгі білімдерге ие, сирек металл өндірісі саласында құзыреттілігі бар, атом саласындағы кәсіпорындарға түлектерді даярлау.

      Мамандық бойынша еңбек ете алатын ұйымдар  – қара және түсті металлургия кәсіпорындары, тау-кен кәсіпорындары, жобалау-құрылымдау және ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыт зертханалары, түрлі меншік түріндегі фирмалар.

      Кәсіби қызмет объектісі – жобалар, материалдар, әдістер, құралдар, қондырғылар, техникалық және нормативтік құжаттар, сапа менеджменті жүйесі, математикалық модельдер, шикізат, шихта, тау жыныстары, металдар мен қорытпалар, химиялық реагенттер, зертханалық жабдықтар мен аппараттар, өндіріс технологиясы.

      Атқаратын лауазымдары – лаборант, өндіріс аппаратчигі, металлургиялық өндіріс технологы,  инженер-технолог,  металлургиялық қондырғы супервайзерi, материалтанушы, инженер-металтанушы.

      Кәсіби қызмет түрлері – өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, есептеу-жобалық.

      Кәсіби қызмет функциялары – технологиялық үрдіс пен қондырғымен жұмыс жасауға бақылау жасау, металлургиялық өңдеудің алғашқы және соңғы өнімдерін талдау, технологиялық үрдістердің регламенті мен алынатын өнімдердің сапасын сақтауды қамтамасыз ету, жаңа өнімді өндіру барысында технологиялық үдерістерді нақтылау және игеру бойынша жұмыстарға қатысу, жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізуге қатысу, техникалық және өндірістік есептерді жасау, өндірістің экологиялық және технологиялық қауіпсіздігін сақтауды бақылау, жұмысты және жұмысты заманауи құрылғылар мен қондырғыларында ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, экономикалық шешімдер негізінде ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді іріктеу және негіздеу үшін бастапқы деректерді дайындау, технологиялық үрдістерді жобалау үшін ақпараттық  және бастапқы деректерді жинау және талдау, жобалық және жұмысқа арналған техникалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысу, жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын пайдалана отырып техникалық тапсырмаға сәйкес технологиялық үрдістің жеке кезеңдерін есептеу және жобалау, әзірленген жобалар мен техникалық құжаттамалардың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау.

      Серіктестері – Петербор технологиялық институты, Бауман атындағы Мәскеу техникалық университеті, «МИФИ», Томск политехникалық университеті және «Қазатомөнеркәсіп», «Үлбі металлургиялық зауыты» кәсіпорындары.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлектер ШҚТУ магистратурасының «7M05302 – Ядролық энергетикаға арналған материалдар» бағдарламасында оқуын жалғастыра алады.

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты – ақпараттық технологиялар саласында қоғамның, мемлекеттің, бизнестің қажеттілігіне сай қолданбалы міндеттерді талдауға, жобалауға, модельдеуге, шешуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.

Кәсіби қызмет саласы – ақпараттандыру саласындағы қауіп-қатер туындаған кезде ақпараттандыру құралдарын қорғауды қамтамасыз ету, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, беру, талдау және бағалауды талап ететін күрделі тапсырмалар бойынша жұмыс, оны шешім қабылдау үшін пайдалану мүмкіндігі, қолданбалы математика, бағдарламалық жасақтама жасау.

Студенттер ірі өндірістік бірлестіктер мен коммерциялық фирмаларда, сақтандыру компаниялары мен банк саласында, ғылыми-зерттеу және оқу орындарында өз жұмысында қолданбалы математика әдістері мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып өндірістік практикадан өтеді.

Серіктестері – «Казцинк», «ТМК», «Сигма», «КС» кәсіпорындары, полиция, төтенше жағдайлар департаменттері және басқалар.

Өткен оқу жылында «Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетімен «Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері» траекторияларының бірі бойынша «6В06103 – математикалық және компьютерлік модельдеу» қосдипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды.

Қосдипломды білім беру бағдарламасына 17 талапкер түсті.  Оқу кестесі – 1-2 курс толық ШҚТУ-да, 3-4 курс Мәскеудегі «МИФИ-де». Соңында студенттер екі оқу орнының дипломдарын алады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары – ЖОО ішіндегі пәндік олимпиадаларды өткізу, республикалық студенттік конференцияға қатысу және конференция жинағына жариялау үшін студенттік баяндамаларды әзірлеу, студенттерді басқа университеттердің конференцияларына, конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге қатысуға даярлау.

Орта білім базасында күндізгі оқыту мерзімі – 4 жыл.

Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері

    «Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері» эксперименталды білім беру бағдарламасы бойынша даярланған мамандар ақпараттық жүйелерді әзірлейтін немесе пайдалатын мекемелерде ақпаратты қорғайтын лауазымдық міндеттерді орындайды.

Бағдарламаны игеру нәтижесінде түлектер физикалық, химия-технологиялық және басқа процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу негіздерін, ақпаратты криптографиялық қорғау және ақпаратты кодтау теориясы негіздерін, ақпараттарды қорғаудың халықаралық стандарттары жөніндегі мәліметтерді, өндірістік және ғылыми есептерді бағдарламалауды, түрлі есептерге деректер базасын әзірлеуді және оларды басқаруды, компьютерлік графика, анимация және моделдеу білімдерін,  нысандарды визуалдауды меңгереді.

Техника және технология бакалаврлары мына лауазымдарда қызмет атқара алады – математик-программист, өндірістік-басқару мекемелерінде және ғылыми-зерттеу институттарында кіші ғылыми қызметкер, жүйелік программист, компьютерлік желілердің жүйелік әкімшісі, ақпараттық жүйелерді әзірлейтін мекемелерде ақпараттар және криптографияны қорғайтын маман, орта кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінде математика, информатика оқытушысы.

      Оқыту мерзімдеріорта білім негізінде 4 жыл (күндізгі), арнайы орта білім негізінде 3 жыл (күндізгі және сырттай), жоғары білім негізінде 2 жыл (сырттай).

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button