Жазғы демалысҚауіпсіздік
Бұқтырмада бір адам суға кетті
Бұқтырма су қоймасында қайғылы жағдай орын алды.
Өскеменнен демалуға барған 50-60 жас шамасындағы азамат суға батып кеткен, деп хабарлайды Didar ақпарат.
29 шілде күні демалушылар полицияға хабар берген. Оқиға орнына құтқарушылар тобы жетіп, іздестіру жұмыстарын жүргізген. Алтай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мәлімдеуінше, мәйіт «Эдельвейс» демалыс базасы жақтағы жағалаудан он метр қашықтан табылған. Құтқарушылар мәйітті жағаға шығарған. Тексеріс барысында қайтыс болған азаматтың Өскемен қаласының тұрғыны екені анықталған.
Ынтымақ Толқын