Қоғам
Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткелі ресми түрде іске қосылды
25 желтоқсаннан бастап Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткелі ресми түрде іске қосылды.
Ол «Қызыл ту» паром өткелінің аумағында орналасқан. Сол күннен екі паром да жұмысын тоқтатты. Автокөліктің салмағы 1,5 тоннадан артпауы, жүру жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан аспауы тиіс, көліктер арақашықтығы 30 метрден кем болмауы керек.