Бүгін Шығыстың кей жерлерінде боран соғады

“Қазгидромет” филиалының ақпаратына сүйенсек, 3 желтоқсан күні облыстың солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады. Ал батысы мен орталығында, шығыс бөлігінде боран соғады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде.
Дауыл мен көктайғақтың кесірінен жолда қалып қоюыңыз да ғажап емес. Осыған байланысты Төтенше жағдай департаментінің мамандары дабыл қағуда.
– Осыған байланысты халық жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін барынша сақ болу және барынша қырағылық таныту қажет. Жүргізушілерді дауылды ескертуге немқұрайлы қарамауға, жолда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауға шақырамыз. Автожолдардың жай-күйі, дауылдың алдын алу туралы ақпаратты “Дәрмен” тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз, – деп хабарлайды ведомства өкілдері..
Төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл қызметтерге “112” телефоны бойынша хабарлаңыз.