Қоғам

Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Балауса Мэлс

Бүгін елімізде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады», – деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.

Ақорданың ресми сайтында төтенше оқиға салдарынан бірнеше адамның қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы Президент Өкімі шықты.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

 

Осы айдарда

Back to top button