Қоғам

Бүгін оқушылар қашықтан оқиды

Didar ақпарат

Өскемендік оқушылар бүгін қашықтан оқиды. Бұған ауа райының тосын мінезі себеп болып отыр.  

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде 23 қараша жел екпіні секундына 16 метрге дейін жеткен, қарлы боран мен көктайғаққа байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайтын болды.

«Олар сабақты онлайн форматта оқиды. Таңертең қаладағы бастауыш сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына ауысқан», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы айдарда

Back to top button