Қоғам

Бішкекте үздіктер қатарынан көрінді

Бішкекте үздіктер қатарынан көрінді


Таяуда Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеге ел құрамасы сапында жерлесіміз Назерке Тілеуханова да қатысып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Назерке осыдан біраз бұрын республикалық жастар ойындарының жеңімпазы атанған. Ол – Жандос Сайханов басқаратын облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің түлегі. Талапты жасты дзюдоға Үржар ауданындағы спорт мектебінің директоры Айдар Қайырбаев әкеліпті. Бүгінде Назерке жоғары санатты жаттықтырушы Думан Бүгілбаевтың қарамағында жаттығуда. Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінде білім алып жатқан шығысқазақстандық балуан қыз биылғы қазан айында Хорватияда өтетін Әлем біріншілігіне жолдама алып қойды.

Ал Қырғыз елінде өткен құрлықтық додада Азияның 18 мемлекетінен 177 жас дзюдошы бақ сынағанын айта кеткен жөн. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржыны үш алтын, бір күміс және бес қола медальмен толықты. Командалық есепте Жапония мен Оңтүстік Кореяға жол берген еліміз үздік үштікті түйіндеді.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button